25 қараша 2020 08:47

Қызылорда облысы ТЖД бастығы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © instagram/tjm_mchs Фото: © instagram/tjm_mchs

Қызылорда облысының ТЖД бастысы Бағдат Данилов 48 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.


Қызылорда облысының ТЖД бастысы Бағдат Данилов 48 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"ҚР ТЖМ ұжымы ​Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп жазылған көңіл айту хатында.

​Данилов Бағдат Жұмаұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында 1972 жылғы 31 наурызда дүниеге келген. 1990 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен.

2015-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы ТЖД бастығы болды. Бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметінің бастығы болды.

Азаматтық қорғау полковнигі әріптестеріне сыйлы, туыстарына құрметті адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төсбелгілермен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети