27 желтоқсан 2018 12:17

Қызылордада жалпы құны 8 миллиард 303 миллион теңге болатын 444 жоба іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сыр өңірі соңғы жылдары қай саласында болмасын жоғары жетістіктерімен танылып, ерекше қарқынмен дамып келеді. Соның ішінде экономиканы дамытудың қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлік саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде.


Сыр өңірі соңғы жылдары қай саласында болмасын жоғары жетістіктерімен танылып, ерекше қарқынмен дамып келеді. Соның ішінде экономиканы дамытудың қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлік саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде.

Мұның нақты дәлелі, 2018 жыл қорытындысы бойынша Қызылорда облысы "Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір" деп танылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен өңірде 2018-2020 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды.

Осы бағыттағы жоғары жетістікке жету жолында, облыстың тек әкімшілік ғана емес, сонымен қатар экономикалық орталығы саналатын Қызылорда қаласының да үлесі зор.

Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жаңа мүмкіндіктердің арқасында, қаланың бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты.

Бүгінде облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.


Жыл көлемінде өз кәсібін жүргіземін деген азаматтарға "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" арқылы 2 мың 563 қызмет көрсетілді.

Жыл басында нақты жоспарлы көрсеткіштер қамтылған "Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жол картасы" бекітілді.   

Бүгінгі күні карта аясында жалпы құны 8 миллиард 303 миллион теңге болатын 444 жоба жоба іске қосылып, 585 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қалада жыл басынан бері кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жалпы құны 8 миллиард 241 миллион теңгені құрайтын 73 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 1 мың 726 жұмыс орны ашылды.

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қазіргі таңда, екінші деңгейлі банктер арқылы 7 миллиард 72 миллион теңгені құрайтын 72 жоба қолдау тапты.

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға" арналған бағдарламасы аясында биылдын бастап жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру қарастырылды.

Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті дамытудың басты көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес көрсеткіш өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға артты.

Жыл басынан бері қала тұрғындары мен жастарын кәсіпкерлікке баулу мақсатында "IQ Business, жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту", "Start up Bolashak: Менің арманым" жастар бизнес-жобалары конкурсы, "Ауылдық елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту көздері", "Заманауи жас кәсіпкер", "Мемлекеттік грант-бизнесті бастаудың тиімді жолы", "Бастауыш кәсіпкерге бағдар", "Бизнестегі стратегиялық жоспарлау және уақытты басқару", "Кәсіпкерлік саласындағы тапсырылатын есептіліктердегі өзгерістер мен толықтырулар", "IT Business, кәсіпкерлікті дамытуға арналған IT-өнімдерінің байқауы" секілді түрлі тақырыптарда шаралар өткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети