14 желтоқсан 2020 18:43

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында 80 отбасы баспаналы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында 80 отбасы баспаналы болып, 500 орындық мектеп пайдалануға берілді.


Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында 80 отбасы баспаналы болып, 500 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтерген 2 көпқабатты тұрғын үйді салтанатты түрде пайдалануға беріп, 80 отбасыға жаңа баспана кілтін табыстады. Баспанаға ие болғандар қатарында мұғалімдер, дәрігерлер және мәдениет саласының мамандары бар.

Пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, құрылыс саласындағы аймақтың жетістіктерін атап өткен өңір басшысы биылғы жылы Қызылорда қаласында 580 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй пайдалануға берілгеніне тоқталып, жыл аяғына дейін Сырдария өзенінің сол жағалауында құрылысы жүргізіліп жатқан 725 пәтерлік 15 көпқабатты тұрғын үйдің 14-і табысталып, 2021 жылы СПМК-70 тұрғын ауданы бойынша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталатынын айтты.

Соңғы жылдары Сыр елінің бас шаһарында жекеменшік мектептердің құрылысы бойынша инвесторлармен қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі мереке аясында пайдалануға берілген 500 орындық "Зерде" интеллектуалды мектебі.

Жаңа мектептің ашылуында облыс әкімі білім ұясынан терең білімді меңгерген талапты да талантты тұлғалар, Тәуелсіз еліміздің дамуына аянбай үлес қосып, Сыр елін әлемге танытар зияткер ұрпақ білім алып шығады деп сенім білдіретіндігін жеткізді.

Интеллектуалды мектеп 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта оқушылар үшін спортзал, би залы, асхана мен оқу кабинеттері орналасса, екінші қабатта балалар демалыс алаңы және теннис залы салынған. Ал, үшінші қабат заманауи үлгідегі акт зал, компьютер сыныпқа арналған. Жаңа білім ұясы 120 адамды жұмыспен қамтыған. 8 мың шаршы метр жерге орналасқан ғимараттың ауласының жалпы көлемі 1,6 гектарды құрайды.

Заманауи бағытта салынған интеллектуалдық мектептің ерекшеліктерімен таныстырған білім ұясының құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев "Зерде - оқушылардың жарық та кең, жаңа технологиялармен жабдықталған мектепте білім алуына мүмкіндік сыйлайды" - деп, атап өтті.

Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 293 мемлекеттік мектеп болса, жеке мектептер саны 8-ге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети