14 қазан 2019 10:45

ІІМ Бишімбаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оның жазаны жеңілдету туралы арыз беруіне құқығы болды. Ол арыз берді, сот барлық мән-жайды ескерді. Сіздер сот шешімін қараңыздар. Сот барлығын түсіндіріп берді". 

"4 жыл 8 айға оның жазасы қысқарды, Жоғарғы соттың үкімін оқып көріңіздер. Сонда жазылған. Ол төрт жыл 8 айдың үштен екі бөлігін өтеді, бір жылдан аса уақыт қалды. Менің білуімше, бір жыл үш ай. Осы бір жыл үш айды оған айыппұл ретінде алмастырды", - деді Марат Қожаев. 

 "Бишімбаев кінәсін мойындады ма?" - деген сұраққа, ІІМ бірінші орынбасары "Иә" деп жауап берді. 

"Қиын дымы да жоқ. Жоғарғы сот барлығын айтты. Келтірілген залал мөлшері (қарыз) айтылса және Жоғарғы сот осындай шешім қабылдаса, Бишімбаев өтемеген қарыздың болмағаны", - деді ол. 

Осыған дейін, Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаны хабарланды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети