07 наурыз 2023 11:10

ІІМ білім мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесінің кемшіліктерін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан мектептерінің 62 пайызы ғана Жедел басқару орталығымен біріктірілген бейнекамералармен жабдықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан мектептерінің 62 пайызы ғана Жедел басқару орталығымен біріктірілген бейнекамералармен жабдықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бейнекамералардың небәрі Жедел басқару орталықтарына бейнекамераның тек 62 пайызы ғана шығарылған. Кейбір облыстарда жағдай одан да нашар. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында - 24; Алматы облысында - 35, Ақтөбе облысында - 41 пайыз ғана. Бұл өңірлерде халықпен кездесу барысында жалпы осы мәселені әкімдіктер алдында көтердім. Бұл мәселеде жүйелік проблема да бар", - деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, бірқатар білім беру ұйымдары мен байланыс каналдары компаниялары арасында тіпті келісімшарт жасалмаған. Мемлекеттік сатып алу процедуралары "қағаз бастылыққа" салынған. Нәтижесінде, бейнебақылау жүйелері Жедел басқару орталықтарына қолжетімсіз.

"Мысалы, Петропавл қаласында 15 мектепте тиісті шарттар тек ақпанның соңында ғана жасалған. Оның ішінде жуырда төтенше жағдай орын алған №4 мектеп те бар. Солтүстік Қазақстан облысында 201 мектеп бойынша мемлекеттік сатып алу мәселесі әлі күнге дейін аяқталмаған. Маңғыстауда - 154. Ақтөбеде - 107. Абай облысында - 19. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысы шыққанға дейін, күзет пен дабыл және басқа да қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша 2 айға дейін "бір көзден" келісімшарт жасауға мүмкіндік бар. Бірақ, ешкім бұл норманы қолданбайды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети