ІІМ өкілдері WhatsApp арқылы таралып жатқан суреттерге қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілдері WhatsApp арқылы таралып жатқан суреттерге қатысты түсінік берді © Tengrinews.kz

ІІМ өкілдері WhatsApp арқылы таралып жатқан суреттерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі.


"Біздегі мәліметтерге сүйенсек, шабуыл жасағандар - дәстүрлі емес діни ағымның радикалдары. Олардың барлығы еліміздің облыстары мен қалаларының тұрғыны. Таратылып жатқан суреттерге келсек, олардың ішінде, болжам бойынша, шабуылға қатысқандар да, ұйымдастырушылар да бар", - деді ҚР ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев. Айта кетейік, бұл суреттерді қазақстандықтар WhatsApp арқылы таратып жатыр.

 

Полицияның мәліметінше, "Паллада" қару-жарақ дүкеніндегі видеобақылау камералары 26 қылмыскерді көрсетті. Ары қарай олар бірнеше топқа бөлініп, басқа нысандарға шабуыл жасады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, шабуылдағандардың 13-і өлтірілді, сегізі ұсталды және жетеуі іздеуде жүр.

"Өкінішке қарай, қару сататын дүкенге жасалған шабуыл кезінде 3 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Қарулы қылмыскерлердің әрекетінің алдын алу кезінде ішкі істер органының 5 қызметкері жарақат алды. Ұлттық ұланның үш қызметкері қаза тауып, алтауы жарақат алды. Ақтөбедегі жағдай бақылауға алынды", - деді ҚР ІІМ өкілі.

Бұған дейін Ақтөбеде қылмыс жасаған күдіктілердің суреттері мен аты-жөндері жарияланған болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 465.74   531.08   5.92 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +26
Ақтау +36
Ақтөбе +32
Атырау +37
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +28
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +34
О
Орал +26
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер