1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтаннан ШҚО-ға әуе рейстері жанданады

Мамыр айының басынан бастап Шығыс Қазақстандағы қалалар мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі әуе рейстерін ашуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімі Даниал Ахметовке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ШҚО әкімі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

"Құрметті достар, бүгін мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым.

Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан - Семей", "Алматы - Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады.

Облыс көлемінде енгізілген шектеу режимінен шығу жоспарының бірінші қадамы бізге экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағытын нақты бағдарлауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - дейді Даниал Ахметов. 

Бұған дейін карантин режимінің ұзарғанына қарамастан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында әуе қатынасы ашылатыны белгілі болды. Рейстер күніне 4 рет ұшатын болады. Алайда жолаушыларға ұшаққа отырар алдында коронавирусқа тест тапсырып, медициналық маска сатып алуына тура келеді. Жолаушылар карантинге жатқызылмайды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!