Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында салмағы 5,7 келіден асатын ұл бала дүниеге келді, анасы екеуінің жағдайы жақсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында салмағы 5,7 келіден асатын ұл бала дүниеге келді, анасы екеуінің жағдайы жақсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Нәресте отбасындағы екінші бала, бірінші сәбиін 2022 жылы 4 320 грамм салмақпен босанған. Анасында гестациялық қант диабеті болған. Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында.

"Ата-аналар алып бала туылса, "батыр бала дүниеге келді" деп қуанып жатады. Алайда, көпшілігіміз сәбидің ауыр салмағы ананың да, баланың да денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін біле бермейміз. Шындығында, "алып бала" қуанышының артында не тұр?! Ең алдымен, нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) анасы үшін өте қауіпті. Өйткені, табиғи босану кезінде қынаптың, жыныс мүшелері етінің, жұмсақ ткандерінің жыртылуы орын алып, жатыр атониясынан босанғаннан кейінгі қан кету қаупі тууы мүмкін", - деп жазды облыстық перинаталдық орталық.

Босану барысында қатерлі асқынудың бірі - жатырдың жыртылуы (разрыв матки) орын алуы мүмкін. Сол себепті, көбінесе әйелді кесар тілігі отасы арқылы босандыруға тура келеді.

Үлкен салмақпен босану барысында нәресте иық сүйегінің зақымдануы (дистоция) және басқа да жарақаттар алуы мүмкін. Жаңа туған сәбиде арнайы емдеуді қажет ететін гипогликемия (қандағы глюкозаның төмен деңгейі), полицитемия (гематокрит, гемоглобин көрсеткішінің өсуі), демалу қиындығы (перинатальды асфиксия) туындауы мүмкін. Үлкен салмақпен туған балаларда өсе келе семіздікке шалдығу, көмірсу алмасудың бұзылуы, эндокриндік аурулар пайда болуы, қант диабеті, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, қан қысымының жоғарылау қауіпі өте жоғары болады.

Сол себепті дәрігерлер әйелдерге жүктілікке алдын-ала дайындалуды ескертті.

"Жан-жақты толықтай тексеруден өтіп, ағзадағы қант деңгейін тексертіп, өмір салтын түзетіп, салмағыңызды қадағалап, түрлі аурулардың алдын алу әрекеттерін жасаңыз!", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer