28 маусым 2023 11:04

Маңғыстаудағы МАЭК-те 400-ге жуық заңбұзушылық анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

maek.kz maek.kz

Маңғыстау облыстық прокуратурасы "МАЭК" кәсіпорынында соңғы 6 жылдағы заң бұзушылықтарды жоюды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облыстық прокуратурасы "МАЭК" кәсіпорынында соңғы 6 жылдағы заң бұзушылықтарды жоюды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 маусымда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың басшылығымен Маңғыстау облыстық прокуратурасының "МАЭК" ЖШС-не 2016-2022 жылдарға арналған жоспарлы кешенді тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өткен.

Жиында Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов кәсіпорынның 6 жылдағы жұмыс нәтижелері тексерілгенін, кешенді тексеру объективті түрде өткендігін атап өтті. Анықталған заң бұзушылықтардың себебі-қаржыландырудың төмен мөлшерде болуы және жоспарлау барысындағы қателіктер. Сонымен қатар, басшылық тарапынан жіберілген кемшіліктер мен бақылау шараларының жеткіліксіздігі және заң бұзушылықтардың көп бөлігі уақытында шешімі табылмаған.

"Кешенді тексеру жұмыстары уақытылы жүргізілді. Кәсіпорынды жаңғырту алдында энергокомбинаттың осал тұстарын анықтап, күшейтетін тұстарына назар аудару керек", - деп атап өтті Руфат Құттықов.

Өз кезегінде еңбек ұжымы мен бөлімше басшылары өндіріске назар аударып, технологиялық бұзушылықтарды жоюға бар күшін салатынын айтты.

Облыс прокуроры кешенді тексеріс кезінде метрология, атом және энергетика, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ТЖ және СЭС саласында 400-ге жуық бұзушылық анықталғанын атап өтті.

"Тексеру аяқталғаннан кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы барлық бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. "МАЭК" кәсіпорны халық үшін аса маңызды стратегиялық нысан екенін тағы да атап өткім келеді. Қадағалау органы тарапынан болған тексеру, комбинатты жаңғыртуға оң серпін беретініне сенімдімін. Бұл мәселеге Үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлініп жатыр", - деді "МАЭК" ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети