30 қазан 2017 14:11

Маңғыстаулық кәсіпкер өз ауылына спорт кешенін салып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керектігі айтылған. Осы орайда Маңғыстау облысында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бюджеттен тыс қаржыға мектеп, балабақша, жолдар жөнделіп, оқу ғимараттарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, кәсіпкерлер жерлестеріне қолдау көрсетуде.

Туған жерге тағзым жасағандардың бірі - Шетпе ауылынан шыққан кәсіпкер. Ол жерлестеріне тамаша тарту жасап, ауылда заман талабына сай спорт кешенін салып берді. Сұңғат Мұңалбаев кешен құрылысына 200 млн. теңгесін жұмсаған. Қуанған ауыл тұрғындары зәулім спорт кешенінің ашылу салтанатына тай-тұяғы қалмай түгел жиналды. Мұнда бір мезгілде 100 адамға дейін жаттыға алады. Спорт кешенінде волейбол, баскетбол мен шағын футбол залдарымен қатар талапқа сай жабық бассейн ашылды. Бокс пен күрес үйірмелері жұмыс істей бастады.

"Ауданымыз спорттан кенде емес. Әлем чемпиондары, Азия чемпиондары қасымызда жүр. Енді, біздің биік шыңымыз, Олимпиада чемпионын дайындау. Негізінен спорттың шыңына шығатындардың көбі ауылды жерден шығады. Оның үстіне дәл мынадай заманға сай спорт кешенінінде жаттығып, дайындалатын болса балаларымыздан да үмітіміз зор", - деді ҚР құрметті спорт қайраткері Сабақбай Тілегенов. 

Айта кетейік, Маңғыстау ауданында тап осындай алты бірдей спорт кешені ауыл кәсіпкерлерінің қаржыландыруымен салынып жатыр. Ауыл азаматтары туған жерге деген ыстық ықыласын осылайша білдірмек ниетте.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети