11 қыркүйек 2023 15:39

Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда баспасөз қызметінің суреті Ақорда баспасөз қызметінің суреті

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берді.

Компанияда мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісі басталған.

Басқарма төрағасы мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету ісі жөнінде баяндады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген.

Сонымен қатар, компанияның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі мен басқа да ашық теңіз акваторияларында энергетикалық ресурстарды тасымалдауға арналған ірі тоннажды танкерлер санын көбейту жұмыстары туралы айтылды.

Ұлттық компанияның өңірлерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары бар:

  • Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталған.
  • Астрахан – Маңғышлақ магистральды су құбырын реконструкциялау жұмыстарының барысы айтылды.

"Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети