Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Министр сөйлеп жатқан кезде жарықтың өшу себебі анықталды

20 Тамыз 2014, 11:38
0
©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова

Құрылысшылар Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің сөз сөйлеуі кезінде не себепті жарық өшіп қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алатау" концерт залынан. Айта кетейік, электр өшкен соң министр баяндамасын қол шамның жарығымен оқыған болатын.

"Бұл - тосыннан болған жағдай, қасымызда Атлетика қалашығы салынып жатыр. Су құбырларына жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде краншы желіні үзіп кеткен, оның денесін орташа деңгейде күйік шалды. Аураханаға жеткізілді. Бұл - техника қауіпсіздігін сақтамау. Олқылықты реттеуге 15 минут уақыт кетті. Тұтастай алғанда, нысан пайдалануға дайын еді", - дейді Алматы қаласы құрылыс басқармасының жетекшісі Мәди Отарбаев.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысып жатқан тамыз кеңесі барысында залда жарық өшіп қалған еді. Министрге қараңғыда әрі микрофонсыз сөйлеуге тура келді. Біраздан соң залға жарық берілді.

Кеңес барысында министр қаланың жетекші педагогтарын марапаттап, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Есімов Алматыда биыл "Жас Қанат" ықшамауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылатынын және "Қалқаман" ауданында зияткерлік мектептің құрылысы жалғасатынын айтты.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай