02 ақпан 2023 11:45

Министрден Тоқаев айтқан медициналық орталықты кім жекешелендіріп алғаны сұралды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа Астанада өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан медициналық орталықты кім жекешелендіріп алғаны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа Астанада өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан медициналық орталықты кім жекешелендіріп алғаны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің басшысы әлеуметтік жобалар жекешелендірудің кешенді жоспарына еніп кетпеуі үшін Үкімет тарапынан қайта қарау қарастырылғанын айтты.

"Бізде 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бар. Мұндай әлеуметтік жобалар кешенді жоспарға кірмеуі және оларды ешкім жекешелендірмеуі үшін қайта қарау қарастырылған. Бұл мәселе бойынша бізде арнайы жұмыс тобы бар. Мен нұсқаулар бердім, анықтаймыз. Негізінен, бұл коммуналдық қызметтер. Облыстардан өтініш береді, кешенді жоспарға енгіземіз. Былтыр әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 200-ге жуық компанияны шығардық", - деп түсіндірді Сенат кулуарында сөйлеген Ерұлан Жамаубаев.

Tengrinews.kz тілшісі медициналық орталықты кім жекешелендіріп алғанын сұрағанда, министр: "Мен анықтаймын" деп жауап берді.

Ол монополиясыздандыру аясында әрбір кәсіпорын бойынша қандай акциялардың тартылғаны және бюджетке ақшалай түрде қандай сомалар қайтарылғаны туралы мәлімет жарияланатынын айтты.

"Жақында жекешелендірілген Ұлттық ғылыми медициналық орталық бүйрек трансплантациясынан кейін науқастарға аса қажетті көмек көрсетуді тоқтатты. Әлихан Асханұлы (Премьер-министр Смайылов - еск.), монополиясыздандыру аясында ірі ұйымдарды жекешелендірудің орындылығын қарастыратын кез келді", - деген еді Тоқаев 31 қаңтарда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети