Министрлік балаларды отбасынан тартып алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар балаларды ата-аналарынан тартып ала алады деген жалған ақпарат тарады. Бұл жаңа заңнамалық нормалар қабылданғанда мүмкін болады екен. Оқу-ағарту министрлігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар балаларды ата-аналарынан тартып ала алады деген жалған ақпарат тарады. Бұл жаңа заңнамалық нормалар қабылданғанда мүмкін болады екен. Оқу-ағарту министрлігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

"Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік органдарға балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін нормалар жоқ. Барлық заңдар баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және баланың өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда ғана шаралар қабылдануы мүмкін", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова атап өткендей, мемлекеттің саясаты отбасыларды сақтауға және ата-аналардың тәрбиелік күш-жігерін қолдауға бағытталған.

"Балаларды қорғау органдарының басты міндеті − әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, балалардың қатыгездікке ұшырауы немесе олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қауіп төндіретін жағдайларда өмір сүруі сияқты көптеген фактілер бар. Балаға тікелей қауіп төнген жағдайда ғана балалар мекемелерінде уақытша орналастыру шаралары қабылдануы мүмкін. Әрбір жағдайды Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, прокуратура, ішкі істер органдары, Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл бақылайды және мұқият тексереді", – деді Насымжан Оспанова.

16 маусымнан бастап Президент 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында бастамашылық еткен "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігі туралы" Заң күшіне енеді. Бұл Заңда отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің құрбандарына және куәгерлеріне көмек көрсетуге бағытталған 70-тен астам түзету бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer