14 қазан 2020 12:08

Министрлік коронавирус жұқтырған оқушыларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Оқу жылының басынан бастап 73 бала кезекші сыныптарда коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу жылының басынан бастап 73 бала кезекші сыныптарда коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде оқушылар арасында 184 жағдай тіркелді. Оның 73-і - кезекші сыныптардың оқушылары. Егер өңірлер бойынша айтатын болсақ, ШҚО-да 17 мектепте 21 жағдай тіркелген, әр мектепте бір-бірден екі жағдай. СҚО-да 11 мектепте 15 жағдай тіркелген. 12 бала стационарлық ем алып жатыр, жағдайы орташа", - деді Ажар Гиният.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов қазақстандық мектептердің кезекші сыныптарында 52 баладан коронавирус анықталғанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети