21 тамыз 2014 12:38

Мұғалімге педагог дипломының болуы аздық етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Пән мұғалімі үшін педагогтың дипломы мен еңбек өтілінің болуы аз деп есептейді Астана қалалық білім басқармасы. Тамыз кеңесінде ведомство жетекшісі Эльмира Суханбердиева кадрлар біліктілігін арттыру мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Пән мұғалімі үшін педагогтың дипломы мен еңбек өтілінің болуы аз деп есептейді Астана қалалық білім басқармасы. Тамыз кеңесінде ведомство жетекшісі Эльмира Суханбердиева кадрлар біліктілігін арттыру мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүкіл әлемде мамандар кәсіби жарамдылығына тұрақты түрде емтихан тапсырады. Білім беру саласында ғана егер мұғалімнің дипломы мен еңбек өтілі болса, ол жоғары білікті маман деген жаңсақ түсінік бар. Мұғалімдерді қайта даярлауға қомақты қаржы бөлініп жатады, ал білім беру ұйымдарында өз пәні бойынша білім деңгейі анықталмаған және жұмыс сапасы төмен мыңдаған маман жүр", - деп мәлімдеді Суханбердиева.

Ол пән мұғалімінің біліктілік деңгейіне қатысты талаптар жүйесінің маңызды екенін, Қазақстанда мұғалімдерді аттестациялауға көзқарасты өзгерту қажеттігін айтты. "Мұғалім әр бес жыл сайын аттестациядан өтуі керек. Төрт жылдан кейін бір жыл ішінде ол өткен бес жыл ішіндегі оқытудың нақты нәтижелерінен басқа жетістіктері көрсетілген портфолио дайындайды. Бұл әділетсіз. Мұғалім әрбір оқу жылындағы жұмысының объективті нәтижелері бойынша аттестациялануы керек. Бірақ біз барлығына мұғалімді кінәламауымыз керек, ол - тұтас білім беру жүйесінің де мәселесі", - дейді басқарма жетекшісі.

Суханбердиева жалпы пәндерді оқыту сапасын арттыру үшін қалалық әдістік ресурс орталығын құру жөнінде ұсыныс білдіретінін жеткізді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети