Мұхамедиұлын айыптаған қыздың адвокаты: Қолымызда көзір бар, сотта жариялаймыз

15 Қараша 2016, 13:04
1
Мұхамедиұлын айыптаған қыздың адвокаты: Қолымызда көзір бар, сотта жариялаймыз - Facebook/Еңлік Сыдықова
Facebook/Еңлік Сыдықова

Мәдениет және спорт министрі сотқа берген Еңлік Сыдықованың адвокаты даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Еңлік Сыдықованы сотқа бергені белгілі болды.

Қыздың адвокаты Гүлнара Жуаспаева оның мүддесін сотта тегін қорғауға келісім беріп отыр екен. Енді ол сотта қыздың айтқан сөздерін дәлелдеуге тырысамын дейді.

"Әрине, қолымызда көзір бар, оны сотта жария етеміз. Оқиға тізбегін бақылап отырсаңыздар, дау шыққан кезде, екінші күні мен "егер министр өз қызметінен кетпей, Еңлікпен соттасатын болса, әділетсіз сот болады" деп айтқанмын. Ол қазір Еңлікке тісін батырып, сотта жеңіп шығуы үшін барлық әкімшілік құралдарын қолданып жатыр", - деп мәлімдеді қыздың адвокаты Гүлнара Жуаспаева.

Сонымен қатар, адвокат Еңлік Сыдықоваға және оның туыстарына белгісіз адамдар қысым түсіріп жүргенін, бұған дейін министрге таққан айыптарын жоққа шығаруды ұсынып жатқанын мәлімдеді. "Олардың үйіне бірнеше рет барып, Еңлікті Астанаға ұшақпен жеткізуді ұсыныпты, Астанаға жеткізіп, олар Еңлікті видеоүндеу жазғызып, ақша үшін жасадым дегізгісі келген", - деп мәлімдеді адвокат.

Адвокат Жуаспаева сотқа куәгер ретінде Еңлік Сыдықованы қолдауға дайын адамдардың шақыртылатынын атап өтті. "Олар сотқа келіп, куәгер ретінде сөз сөйлеуге, Еңлікті қолдауға уәде берді. Қыздар көп, сотта қанша адам болатынын айта алмаймын, бірақ көп. Біз барлық видеоны көрсеткен жоқпыз. Сақтай тұруымыз керек", - деп хабарлады Еңлік Сыдықованың адвокаты.

Ал мәдениет және спорт министрінің адвокаты Ескендір Әлімбаев өз кезегінде егер Еңлік Сыдықова айыптауларын жоққа шығарса, Мұхамедиұлы арызын қайтарып алуға дайын екенін атап өтті. "Шынтуайтында министр адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға ниеті жоқ. Егер ол өз айыптауларын жоққа шығарса, министр арызын қайтарып алуға дайын. Жазалауға ниеті жоқ. Қыздың бір жағдайлардың құрбаны болғанын жақсы түсініп отырмыз, оның айтып отырған сөзінде жасандылық бар. Яғни ол ойлағанын айтып отырған жоқ, алдын ала дайындалып қойған мәтінді оқып отыр. Соған қарағанда оған біреу осыны айт деп әсер еткен сияқты. Түрлі болжам айтуға болады. Бірақ бұл қыздың белгісіз бір жағдайлардың құрбаны болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды", - деді министрдің адвокаты Tengrinews.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, министр сотқа өз ниетімен емес, мемлекеттік қызметкер болып, өз абыройын қорғауға міндеттелген соң беріпті. 

"Министр мен Еңлік Сыдықова кездеспеген болуы да мүмкін. Сыдықова өз айыптауында оқу орнына түсу үшін ректормен кездесуді ұйымдастыруға оның қабылдау емтиханына кешігіп қалғаны себеп болған дейді. Алайда, таяуда БАҚ-тарда жария етілген мәліметтерге қарағанда, Сыдықова 2011 жылы бұл оқу орнына түспеген. (...) 2011 жылы ол Қызылордадағы басқа бір оқу орнына түскен. Бірақ видеоүндеуінде ол Алматыдағы оқу орнына түскісі келгенін айтады", - деп мәлімдеді Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Ескендір Әлімбаев.

Еске салайық, Осыған дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Ал Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі "тиісті" деп айыптағаны жайлы хабар тарады. Ал кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болатыны хабарланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай