18 сәуір 2024 15:26

"Мұны түсіндіре алмаймын". Адвокаттың сұрағы Бишімбаевты тығырыққа тіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленушілердің адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевтан Салтанат Нүкенова қайтыс болған бөлмеден неге марқұмның саусақ іздері табылмағанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еске салайын, кеше маман қорытындылары жарияланған кезде Салтанат Нүкенованың саусақ іздері еш жерден табылмағаны айтылды. Бишімбаевқа қояр сұрағым бар: бізге айғақ бергенде, сіз Салтанатпен кабинада бірге ішіп, әжетханада отырғандарыңызды айттыңыз. Қалайша бірге ішесіздер, егер бокалдар, стақандар, бөтелкелердегі саусақ іздері тек сіздікі ғана болса?" - деп сұрады қорғаушы.

Бұл сұраққа Бишімбаев жауап бере алмады.

"Шынымды айтсам, білмеймін. Басқа қорытындыларда, оның курткасында саусақ іздері және т.б. бар. Бөтелкемен мен құйған шығармын, вазаны ұстамаған шығар. Мен мұны түсіндіре алмаймын", - деді сотталушы.

Жәбірленуші тарап: Салтанат стаканды ұстамай іше ала ма?

"Мен оның ішіп отырғанын көрдім. Ал саусақ ізі қалай алынғанын мен қалай түсіндіре аламын", - деп жауап берді Бишімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети