01 маусым 2021 13:10

"Наразылыққа қатыспағаны үшін әйнегін сындырған". Полиция видеоға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде алдыңғы әйнегі сынған жүк көлігінің видеосы тарады. Онда "бұл - наразылық білдіруші жүргізушілердің жүк тасымалдаушыларды қолдауға қатысқысы келмейтіндерге істеген ісі" екені айтылады. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, республикамыздың кей өңірінде жүк көліктерінің жүргізушілері "жолда жүру ақылы болуы мүмкін" деген пікірге қатысты наразылық білдіріп жүр. Бұл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізгені хабарланды. 

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған әйнегі сынған жүк көлігінің видеосына түсінік берілді. 

"Кей адамдар алдыңғы әйнегі сынған автокөліктің видеосын, "бұл жүк тасымалдаушыларды қолдауға қатысқысы келмейтін жүргізушілерге қатысты акцияға қатысушылардың істеген ісі" деп айтып, әлеуметтік желілерге таратқан.

Тексеру кезінде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Бейнежазбадағы көлік 29 мамырда "Бейнеу-Боранқұл" тасжолында түйеге соқтығысып, соның салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған екен", - делінген хабарламада.

© Сурет: БҚО ПД

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Кінәлілер ұсталғаннан кейін оларға қатысты процестік шешімдер қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети