29 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астраханьда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттерінің төртінші саммитіне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Астраханьда (Ресей Федерациясы) өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммитіне қатысуы жоспарлануда", - делінген хабарламада.
Іс-шараға, сондай-ақ, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов та қатысады.