04 наурыз 2016 14:55

Назарбаев әйелдер туралы әзіл айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мұхтар Холдорбеков © Мұхтар Холдорбеков

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуде нәзік жандылар туралы күлкілі әңгіме айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуде нәзік жандылар туралы күлкілі әңгіме айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ежелгі Грекия аңыздары" деген кітап оқып отырған бала әкесіне қарап: "Әке, ежелгі гректер жеңісті неліктен әйелмен бейнелеген?", - деп сұрайды. Сонда әкесі оған: "Үйленген соң білесің, балам", - деп жауап беріпті", - деді Назарбаев.


© Instagram/Akorda

Айта кетейік, Назарбаев Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы еліміздің қалыптасуына қосқан маңызды ролін атап өтіп, оларға денсаулық, махаббат, отбасы бақытын және сәттілік тіледі. 

Қазақстан Президенті бұл жолғы кездесуде түрлі мамандық өкілдерінің қатысып отырғанына назар аударды. 

"Сіздердің араларыңызда көпбалалары аналар, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, мәдениет және спорт қайраткерлер, журналистер бар. Әйелдер Тәуелсіздіктің барлық жылында менің сенімді тірегім болды. Біздің 25 жылдағы жетістіктеріміз сіздердің белсенді еңбектеріңіздің арқасында. Сіздер - қоғамымыздағы бірліктің, жасампаздықтың және тұрақтылықтың бейнесісіздер", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети