25 ақпан 2021 17:05

Назарбаев: Біздің жұмысымыз - адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыру

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында "Өзгерістер жолы: әркімге лайық өмір!" атты сайлауалды бағдарламасының іске асыру жұмыс жоспары талқыланды, - деп хабарлайды Elbasy.kz.


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында "Өзгерістер жолы: әркімге лайық өмір!" атты сайлауалды бағдарламасының іске асыру жұмыс жоспары талқыланды, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

"Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутатының сайлауы өтті. Біз "Өзгерістер жолы: әркімге лайық өмір!" сайлауалды бағдарламасын қабылдадық. Бүгінде оны жүзеге асыру мәселесіне назар аудару қажет", - деді Елбасы.

Назарбаев пандемия кезінде халықты қолдау бойынша партия жүргізіп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

"Пандемия адамдар мен бизнестің әл-ауқатына кері әсер етеді. Сондықтан біздің жұмысымыз - адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыру", - деді ол.

Байбек Елбасына партияның сайлауалды міндетін іске асыру жөніндегі республикалық Жол картасын ұсынып, индикаторлардың 24 пайызын биыл орындау жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Республикалық жол картасы премьер-министрдің, Үкімет мүшелерінің, партия депутаттары қатысып, Мәжілістегі фракцияда талқыланды. Оны орындауға 1700 көрсеткіш алынды. Биылдың өзінде индикаторлардың 24 пайызын орындау жоспарланып отыр. Өңірлерде сайлауалды бағдарламаларды орындау бойынша 216 жол картасы талқыланды. Олардың аясында 80 мың индикаторға қол жеткізу көзделген. Алдағы бес жылда партияның сайлауалды уәделері орындалады", - деді Байбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети