Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Франция мен Мысыр президенттеріне көңіл айтты

19 Мамыр 2016, 18:56
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олланд пен Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы мысыр әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырап, француз азаматтарының қаза болуы туралы хабарды күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына, сонымен қатар француз халқына көңіл айтады", - делінген Франсуа Олландқа жолданған жеделхатта.

Мысыр басшысына жолданған жеделхатта Мемлекет басшысының мысыр әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырап, көптеген адамның қаза болуы жайлы хабарды күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқының және жеке өз атынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына, сонымен қатар француз халқына көңіл айтты.

Еске салайық, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Жерорта теңізіне құлған. Airbus A320 бортында 56 жолаушы және экипаждың 10 мүшесі болған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай