05 ақпан 2019 15:26

Назарбаев мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституциялық кеңеске берген өтінішіме байланысты қысқа ғана жауап қайтарғым келеді. 1995 жылдан бері, яғни Конституция қабылданғалы бері Конституциялық кеңеске 200 өтініш келіп түскен. Олардың 22-сі - менің президенттік өтінішім. Бұл қалыпты процесс. Конституциялық кеңес те сол үшін құрылған. Кеңестегілердің Конституциядағы, заңдардағы кемшіліктерді талқылауға құқығы бар. (...)", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент Қазақстанда сайлаудың мерзімінен бұрын өтпейтінін айтты.

Әрине, бұл барлығы үшін қызық... Ең қызық деген сұрақтар - сайлау, транзит. Конституцияны оқыңыздар, Президент жайлы заңдарды оқыңыздар. Онда барлығы нақты көрсетілген. Мерзім келгенде сайлау өтеді. Иә, Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар. Бірақ бізде олай болмайды. Тынышталып, дұрыс жұмыс істейік", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, мұның алдында Конституциялық кеңестің Президенттің өтінішін қабылдағаны жайлы хабарланған болатын. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде", - делінген еді ресми сайтта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети