01 қазан 2020 17:31

Назарбаев Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elbasy.kz Сурет: elbasy.kz

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлердегі Достық үйлерінің қазіргі қызметі жайлы ақпарат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлердегі Достық үйлерінің қазіргі қызметі жайлы ақпарат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлердегі Достық үйлерінің қазіргі қызметі жайлы ақпарат берілді.

Елбасы Қазақстандағы әзербайжан мен армян диаспораларының Таулы Қарабахтағы әскери іс-әрекеттерді тоқтату жөніндегі бірлескен үндеуін қолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан үшін дос мемлекеттер арасында келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл өңірдегі жағдайды тезірек тұрақтандыруға септігін тигізеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы тәуелсіздік алған күннен бастап халықтың бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім еліміздің басты құндылығы болғанын айтты. Осы орайда биыл 25 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша рөліне тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев Елбасына этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың және талдау жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. Әлеуметтік зерттеулердің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан халқының 92,4 пайызы этносаралық ахуалды қолайлы және тұрақты деп бағалаған, ал 89,2 пайызы мемлекеттің елдегі этносаралық келісімді сақтау жөніндегі іс-әрекеттерін қолдап отыр.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері мен пандемия кезінде ұйымдастырылған қайырымдылық жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети