29 мамыр 2023 10:08

Назарбаев Университеті Шигео Катсу отставкаға кеткенін хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шигео Катсу. Архивтен Шигео Катсу. Архивтен

Назарбаев университеті Шигео Катсу отставкаға кеткенін және президент міндетін атқарушы тағайындалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Назарбаев университеті Шигео Катсу отставкаға кеткенін және президент міндетін атқарушы тағайындалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, Шигео Катсу 15 маусымда отставкаға кетеді.

"13 жылға жуық қызметінен кейін президент Катсу өз қызметінен кету туралы бастама көтерді. Университет қауымдастығы президент Катсуға Назарбаев Университетінің Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуына көмектескен көрнекті көрегендігі мен тиімді көшбасшылығы үшін зор алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.

Шигео Катсу президенттік қызметінен кеткеннен кейін Назарбаев университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қалатыны хабарланды. Сондай-ақ, ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғарғы қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметін жалғастырады. Шигео Катсу университет президентінің міндетін атқарушысы кеңесшісі қызметін де атқарады.

Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети