11 шілде 2014 14:20

Назарбаев университеттерге ғылыммен айналысуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық жоғарғы оқу орнына ғылыммен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлескен шаруашылық базасында құрылған "Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты.


Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық жоғарғы оқу орнына ғылыммен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлескен шаруашылық базасында құрылған "Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты.

Президентке "Байсерке-Агро" ғылыми-өндірістік оқыту орталығы базасында алынған дәнді дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың алуан түрлері, сондай-ақ ветеринариялық препараттар таныстырылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы техникасының жетілдірілген әрқилы түрлері мен мал шаруашылығы нысандарын аралап көрді.

Мемлекет басшысы отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және өндіріспен ұштастыру тәжірибесін қолдануы қажеттігіне назар аударды. "Барлық университеттер ғылыммен айналысуға тиіс. Оларда зертханалар ашып, кейін өндіріс ұйымдастыру үшін қажет болатын тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық база құрған жөн", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елдегі ауыл шаруашылығы кешенін тиімді дамыту ісі бұл салада заманауи ғылыми әдістемелер мен әзірлемелерді қолдануды талап ететінін айтты. "Азық-түлік өндірісі елімізді дамытудың басты факторына айналып келеді. 2050 жылға әлемде халық саны қарай 9 миллиардқа дейін өседі, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыруды қажет ететін болады. Қазақстанның, орасан кең алқаптарды қоса алғанда, сол орынды иеленуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жаңа технологиялардың көмегінсіз одан әрі дами алмайды. Ғылымның бар күшін пайдалану керек, тек сонда ғана біз ауыл шаруашылығы саласында ілгерілей аламыз", – деді Қазақстан Президенті.

"Байсерке-Агро" өндірістік шаруашылығы егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен айналысады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру барысында отандық ғалымдар әзірлеген инновациялық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Шаруашылық құрамына екі ветеринарлық патология-анатомиялық зертханасы, жем-шөпті зоотехникалық талдаудан өткізетін зертханасы және агрохимия зертханасы бар ғылыми-өндірістік оқыту орталығы кіреді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети