18 қараша 2021 12:11

Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайынан архив суреті жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/elbasy_nazarbayev Фото:instagram.com/elbasy_nazarbayev

Елбасының баспасөз қызметі 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайынан Нұрсұлтан Назарбаевтың архив суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасының баспасөз қызметі 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайынан Нұрсұлтан Назарбаевтың архив суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық. Ешкімге шектеу жоқ!" - деген Назарбаев 1992 жылы.

1992 жылы 30 қыркүйекте Алматыда Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы ашылды. Оған 1 200 адам қатысты, оның ішінде әлемнің 13 елінен: Түркия, Иран, Моңғолия, АҚШ, Қытай, Аустралия, Германия, Англия, Америка және т.б. делегаттар қатысты.

Құрылтайды өткізу кезінде оның шешімімен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Құрылтайға қатысушылар еліміздің ежелгі саяси, тарихи және мәдени орталықтары - Түркістан, Жезқазған, Ұлытауды аралады. Сонымен қатар, олар Қазақстан халқына, әлем мемлекеттері мен халықтарына, олардың үкіметтеріне үндеу жасады.

Қабылданған шешімдер нәтижесінде және "Көшіп келу туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы №1437 Заң негізінде Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы қоғамдық маңызы бар мемлекеттік мақсаттарды айқындады, соның бірі шетелдік қазақтардың тарихи Отанына қоныс аударуын қамтамасыз ету міндетін әзірлеу және шешу болды.

1992 жылдың тағы бір маңызды оқиғасы Наурыз мерекесінің ресми түрде қайта оралуы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети