29 қаңтар 2022 10:01

Назарбаевтың Nur Otan съезінде сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Elbasy.kz Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, съезде Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының төрағасы етіп сайлауды ұсынған болатын.

Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Мәжіліс Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын конституциялық заңдарға түзетулер қабылдады. 

Сондай-ақ, 27 қаңтарда Сенат депутаттары мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюды ұсынды. Бұл норма "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" конституциялық заңда жазылған. Ұсыныс Мәжіліске жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети