30 қаңтар 2020 17:52

Нұр-Сұлтанда "Байқоңыр" ауданының әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. 38 жастағы Нұрсағатов Нұрбол меритократия қағидасына сәйкес жетекші маманнан бастап, комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы лауазымына дейінгі жолдарды өткен тәжірибелі маман", - делінген хабарламада. 

Нұрбол Нұрсағатов 2004-2005 жылдары Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс Комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған. 2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.

2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары; 2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.

Осыған дейін елордалық Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети