02 тамыз 2022 16:58

Нұр-Сұлтанда ерекше аң видеоға түсірілді

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны ерекше аңды видеоға түсіріп алды. Tengrinews.kz тілшісі зоологтарға жүгініп, видеодағы аң  америкалық күзен екенін анықтады.


Астана тұрғыны ерекше аңды видеоға түсіріп алды. Tengrinews.kz тілшісі зоологтарға жүгініп, видеодағы аң  америкалық күзен екенін анықтады.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрлардан жануар Есіл өзені маңында жүргені байқалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Видеодағы - америкалық күзен (Neovison vison) - америкалық су күзені болып шықты. Сусар тұқымдасы, жыртқыштар отряды, сүтқоректілер класына жатады.

"Америкалық күзен - Солтүстік Америка фаунасының өкілі. 20 ғасырда Еуропада, бұрынғы КСРО-ның басым бөлігінде және Қазақстанда, 1950 жылдары Алтайда қоныстанды. Кейін кеңінен тарай бастады. Ең алдымен, таулы орман аймағының су қоймаларында, кейін басқа облыс өзендерінің бойында мекендейтін жергілікті, еуропалық күзенді ығыстырып, тіршілік ете бастады. Қазір ол Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында да кездеседі. Жартылай суда мекендейді. Ағаш қуыстарында немесе сынған бұталар арасын қоныс етеді", - деді Ғылым және жоғары білім министрлігі зоология институтының директоры, биология ғылымдарының докторы Роман Ященко.

Күзеннің тіршілік ету ортасы - балықтар бар су қоймалары. Жануар негізінен балықтармен қоректенеді, сонымен қатар ұсақ кеміргіштер мен құстарды да жей алады.

Бұл күзеннің қарапайым түрі, кішкентай жыртқыш сияқты қоректік тізбекке салынғандықтан, жалпы экологиялық маңызы бар", - деп түсіндірді ғалым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети