14 тамыз 2021 18:00

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір аталған аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Алтай Көлгіновтің айтуынша, жаңа қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтарының таза ауада уақыт өткізуі үшін қолайлы орын болады.

Саябақ Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасады.

"Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы 300 метр субұрқақ болады, оның ішінде шағын архитектуралық мүсіндер, көлеңкелі шатырлар орналасады. Жылдан жылға бұл аумақты көгалдандырамыз. Қалада өзіндік "жасыл аралдар" құру өте маңызды. Сондай-ақ, өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмысын жүргіземіз", - деді әкім.

Елорда әкімі бұл мешіт еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт екенін айтты.

"Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы - 30 мың адам. Мешіт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен салынып жатыр", - деді Көлгінов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети