10 шілде 2020 11:48

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде жұмыс істеген белгілі кальян орталығы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Елордада 56 ойын-сауық орнына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі өте жоғары, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.


Елордада 56 ойын-сауық орнына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі өте жоғары, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Полиция, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері елорданың ойын-сауық орындарына рейд жүргізді. Жақында ереже бұзушылықтар қаладағы танымал орындардың бірі – "Мята" кальянында анықталды.

Кальянға келушілер әкімшімен алдын ала келісіп, үстелге тапсырыс берген. Бұзушылықты анықтау үшін дәл осындай тәсілді әкімдік қызметкерлері де қолданды. Мұнда пандемия кезінде барлық санитарлық нормалар бұзылған. Мысалы, үш адам бір кальян шегеді.

"Бұл факті бойынша біз бұдан әрі сот ісін жүргізуге деректерді СЭС-ке жібереміз. Ары қарай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес шешім қабылданады", – дейді учаскелік инспектор Әли Әбілтаев.

Кальян орталығына карантин режимін бұзғаны үшін 230 АЕК (638 940 теңге), кальян дайындаушы мен келушілерге 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады. Бүгінгі таңда ойын-сауық мекемелерінің карантин режимін бұзуының 56 фактісі анықталды.

"Осылайша вирус таралуы мүмкін. Содан кейін олар жақындарына жұқтырады, ал індет күшейеді. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін біз барлық карантин ережелерін сақтауымыз керек. Әр адам өзіне және отбасына жауапты. Осылайша, 2-3 апта үйде болу, "үй–жұмыс–үй" схемасы бойынша жүру дұрыс шешім болады", – дейді қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Кәрібек.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес карантин кезеңінде кальян жұмысына қатаң тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети