Нұрсұлтан Назарбаев Эстония премьер-министрімен кездесті

06 Қараша 2018, 15:59
0
Нұрсұлтан Назарбаев Эстония премьер-министрімен кездесті - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының премьер-министрі Юри Ратаспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің цифрландыру және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда-экономика қарым-қатынастарын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы "Астана Хаб" ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін Эстония Республикасының премьер-министріне ризашылық білдірді.

Қазақстан Президенті Эстонияның цифрлық технологиялар саласындағы тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы сауда байланыстарын нығайту қажеттігін айтып, экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Мемлекет басшысы елімізде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық бағдарламалар мен солардың аясында бой көтеріп келе жатқан нысандар және көлік-транзит әлеуетін арттыру жөніндегі жобалардың нәтижелері туралы айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қайта өңдеу және аграрлық өнеркәсіп, фармацевтика салаларында және экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастықты бір жолға қоюдың маңызды екенін атап өтті.

Эстония Республикасының премьер-министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, өзінің Астанаға алғашқы сапарынан алған әсерін ортаға салды.

"Кеше премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен сындарлы келіссөз жүргіздік. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Астананың инфрақұрылымдық нысандарына қарап, елдеріңіздің қалай дамып келе жатқанын көруге болады", - деді Юри Ратас.

Эстония Республикасының премьер-министрі цифрландыру және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай