20 қазан 2021 12:52

Нығматулин вице-премьерден Мәжілісте дәріс оқымауды сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан халқының ревакцинациясына ақшаны қайдан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан халқының ревакцинациясына ақшаны қайдан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Жамиля Нұрманбетова "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында вакцина сатып алуға, қазақстандықтарға ревакцинация жасауға ақша жоқ екені айтылды. Бұл ретте елімізде вакцинациялауға жататындар саны 9,9 миллионнан 11,4 миллионға дейін ұлғайтылады. Айтыңызшы, вакцина қандай қаражатқа сатып алынады" - деп сұрады депутат.

Тоғжанов қарашаның үшінші онкүндігінен кейін екінші вакцинацияны жүргізу жоспарланғанын айтты, алты ай ішінде - инактивтелген вакцинаны қабылдағандарға, векторлық вакцинаны алғандарға - тоғыз айда.

"Бірінші кезекте алдыңғы қатарда жүргендер: дәрігерлер, мұғалімдер, сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтар вакцина алады. Халық жыл соңына дейін вакцинамен толық қамтамасыз етіледі. Жалпы, 800 мың адамды, оның ішінде 100 мың адамды жыл соңына дейін қамту жоспарланып отыр. Келесі жылы біз екі миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Ал 2023-2024 жылдарды сол кездегі жағдайға байланысты көре жатармыз. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, шаралар қабылданатын болады. Қазақстанның барлық тұрғындары вакцинамен, оның ішінде ревакцинациямен қамтамасыз етіледі", - деп жауап берді Тоғжанов.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин премьер-министрдің орынбасары сұраққа жауап бермегенін айтты.

"Ералы Лұқпанұлы, сұрақ басқаша қойылды. Біз комиссияның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Сұрақ тікелей қойылды: вакцинаны қандай қаражат есебінен сатып аласыз? Қаражат резервтен алынады ма"- деп сұрады Нығматуллин.

Тоғжанов ревакцинация мен вакцинацияға қаражат Үкімет резервінен алынатынын растады.

"Осылай айту керек. Содан кейін сіз айтқан ақпаратты бәріміз білеміз. Құрметті Үкімет мүшелері, осындай сұрақтарға тікелей нақты жауап берулеріңізді сұраймын. Дәрістерді мұнда емес, басқа аудиторияларда оқу керек", - деп түйіндеді Нығматуллин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети