08 қараша 2023 12:59

Oceans Enterprise қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталып, Қазақстанға қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды", – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілген және Oceans Enterprise компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болған.

"Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты. Соталды тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети