ОҚО-да толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болуы мүмкін - синоптиктер

16 Мамыр 2017, 15:19
0
ОҚО-да толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болуы мүмкін - синоптиктер -

17 мамырда жаңын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таяу тәулікте 17 мамырда күшті жаңбыр болжамына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқынының пайда болуы күтіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер 2017 жылғы 16-18 мамырға арналған еліміздегі ауа райы болжамын жариялады. 

Батыс Сібірден Қазақстан территориясына суық атмосфералық фронттар жылжиды, сондықтан көптеген облыстарда жаңбыр ғана емес, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Солтүстік облыстарда түнде ауа температурасы кей жерлерде 0-3 градус суыққа дейін төмендеп, үсік болып және жаңбырдың арты сулы қарға айналуы мүмкін. 17-18 мамырда республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында суық арктикалық фронттардың өтуімен байланысты кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай