16 қазан 2015 13:12

ОҚО полицейлері "қанға боялған мәйіт" суретінің авторларын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Полицейлер автомобильдің жүксалғышына "мәйіт" салған фотоның авторларын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер автомобильдің жүксалғышына "мәйіт" салған фотоның авторларын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жас жігіттердің түскен суреті Instagram желісінде жарияланған. Суреттен автомобиль жанында екі жігіттің тұрғанын, ал жүксалғышта "қанға боялған мәйіттің" жатқанын көруге болады.

ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде суреттің "сахналанғаны" анықталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері суреттегі үш адамды да анықтады. Олар ОҚО Ордабасы ауданының 1997 және 1998 жылғы тұрғындары болып шықты.

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Жас жігіттердің айтуынша, сурет былтыр қыркүйек айында түсірілген. Бұл күні олардың бірінің үйінде мал сойылыпты.

"Жігіттер қалжың үшін осындай суретке түсуді ұйғарады. Олар достарының біріне қойдың қанын жағып, оны жүксалғышқа отырғызып қойған. Кейін  телефондарына суретке түсіреді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер оларға ескерту жасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети