26 мамыр 2022 09:57

Оқу жылындағы рекорд, АҚШ мектебіндегі атыс. 25 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Тоқаев әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады. Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті. АҚШ мектебінде кем дегенде 20 адамның өмірін қиған атыс болды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Тоқаев әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады. Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті. АҚШ мектебінде кем дегенде 20 адамның өмірін қиған атыс болды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды 

Қазақстан мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтті. Мектептердегі салтанатты жиынға төменгі және жоғары сынып оқушылары түгел қатысқан.  Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 170 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 8139 түлек "Алтын белгіге" үміткер. 11-сыныптағы оқушылардың емтиханы биыл 27 мамыр мен 10 маусым аралығында  өтеді. Олар Қазақстан тарихы бойынша ауызша түрде емтихан тапсырады. Сондай-ақ, биыл болашақ студенттерге алғаш рет ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Түлектер бұл мүмкіндіктің көмегімен мамандандырылған пәндердің тек бір комбинациясын таңдай алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады.

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Биылғы оқу жылында рекорд болды 

Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл соңғы қоңырау салтанаты 3 597 159 оқушыға арналған. Бұл кейінгі 20 жылдағы оқушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш болып тұр. Сондай-ақ, ведомство қызметкері жалпы білім беретін мектеп педагогтары саны артқанын атап өтті. 2021-2022 оқу жылында 369 696 болған, ал 10 жыл бұрын мектептерде 306 492 мұғалім жұмыс істеген.

Нұр-Cұлтанда мұғалімдерге арналған саябақ ашылды 

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, қалада мұғалімдерге арналған жаңа саябақ ашылғанын жеткізді. 

"Біз Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында орналасқан мұғалімдер саябағын абаттандырдық. Бұл саябақ қала тұрғындарының демалуы үшін ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдер мен студенттердің қарым-қатынас орнататын жері болады", - деді әкім.

Фото: Александр Куприенко

Қазақстандағы алғашқы крематорийдің ашылу мерзімі тағы кейінге қалды

Алматы билігі крематорий құрылысы екі жобаға бөлінгенін еске салды: ғимарат салу және инженерлік желілерді орнату. Ғимарат бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында аяқталды. Бүгінде крематорийді пайдалануға беру үшін сыртқы инженерлік желілерді жүргізуді аяқтау қажет. Ауа райының бұзылуына байланысты өткен жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары осы жылдың наурызына дейін тоқтатылған еді.

"Бүгінде құрылыс жұмысы қайта жанданды. Инженерлік желілер бойынша жұмыстар шамамен 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігінде.

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынған 

Қадағалау органының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж алу заңына талдау жүргізді. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Қадағалау органы ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден аса тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.

Елден жарты миллион доллар ақша әкетпек болғандар ұсталды 

2022 жылғы мамырда шекарашылар "Ауқатты" автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 500 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды. Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 14 наурызда "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" №830 Жарлыққа қол қойған. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Ұсталған ер адам мен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті 

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол - Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы. Балжан Шәменова жұмыстан кету туралы шешімін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бір отбасынан шыққан екі адамның жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуі саяси тұрғыдан дұрыс емес. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің бұрынғы орынбасары Балжан Шәменованы құрметпен шығарып салды. Кездесу барысында өңір басшысы Шәменованың облыстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, облыс әкімдігінің Құрмет грамотасын табыс етті. Балжан Шәменова енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметте жұмыс істейтін болады.

Фото Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан алынды

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді 

16 мамырда Антикоррупциялық қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А.Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің бөлім меңгерушісін тағайындады 

Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Ал Қайыргелді Есенеев Қазақстан Республикасы Президенті өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Тоқаев Binance компаниясының бас директорын қабылдады 

Мемлекет басшысы әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады. Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективалары, сондай-ақ, Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды. Кездесу соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Фото: Ақорда 

Танымал қазақстандық режиссер өмірден өтті 

Танымал қазақстандық режиссер Рубен Андриасян өмірден өтті. Бұл туралы Алматыдағы Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры ұжымы Facebook-парақшасында хабарлады. Режиссер 84 жаста еді. Айта кетейік, Рубен Андриасян 1938 жылы 31 қазанда Қабарда-Балқария АКСР Нальчик қаласында туған. Режиссер, педагог, Қазақстанның Халық әртісі. 1963 жылы театр және телевизия режиссурасы бойынша Ереван мемлекеттік театр-көркемөнер институтын бітірген.

Фото: М.Лермонтов атындағы театр / tl.kz

АҚШ мектебінде кем дегенде 20 адамның өмірін қиған атыс болды

Техас штатының Ювальд қаласында (АҚШ) болған атыстан 19 мектеп оқушысы мен екі ересек адам қаза тапты. Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты. CNN мәліметінше, қылмыскер мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған. Полиция өкілі Пит Арредондо күдікті жалғыз болғанын және мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты. Атқышты құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы операция кезінде атып өлтіруге мәжбүр болған. Америкалық БАҚ атқыштың 18 жастағы Сальвадор Рамос екенін анықтаған. Ол өзінің туған күніне орай әскери стильдегі екі мылтықты сатып алған. Атқыштың достарының айтуынша, оның басқа құрдастары Рамосты киген киімі мен отбасының қаржылық жағдайына байланысты мазақ еткен. Соның салдарынан ол мектепке сирек баратын болған.

Ювальдтағы бастауыш мектебінде оқ атылғаны туралы АҚШ президенті Джо Байден де хабарлап, трагедия құрбандарын еске алып, мемлекеттік туды төмен түсіруге бұйрық шығарғанын жеткізді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденге Техас штатының Ювальд қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Германия маймыл шешегі ауруына қарсы вакцинаның 40 мың дозасына тапсырыс берді 

Германия билігі маймыл шешегі ауруына қарсы вакцинаның 40 мың дозасына тапсырыс берді. Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах ел билігі Bavarian Nordic биотехнологиялық компаниясынан вакцина жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ол қазіргі уақытта Германияда індетті болдырмау үшін жұқтырған адамдарды кемінде 21 күн оқшаулау шаралары жеткілікті екенін атап өтті. Роберт Кох атындағы Германияның жұқпалы аурулар институтының басшысы Лотар Вилер қазіргі уақытта Германияда бес жағдай тіркелгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети