07 қазан 2021 15:05

Оқушылар ауруды көп жұқтырады - Бекшин

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин офлайн форматта оқитын мектеп оқушылары арасында инфекцияның таралу пайызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин офлайн форматта оқитын мектеп оқушылары арасында инфекцияның таралу пайызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектеп оқушылары - инфекцияны таратушылар. Оқушылардың 287 мыңы офлайн форматта оқиды, оның ішінде 1 қыркүйектен бастап 1 287 адам ауырды, оның 15-і стационарларға түсті, қалғандары жеңіл түрімен ауырғандықтан үйде оқшауланды. Қазір олардың 900-ден астамы мектепке оралды. Сонымен қатар, онлайн-оқуда қалған оқушылар арасында 1 039 адам жұқтырды. Біз мектепте оқитындардың тек 0,45 пайызы, ал онлайн режимінде оқитындардың 5,4 пайызы ауырғанын көріп отырмыз. Офлайн-оқуда оқушылардың аурушаңдығы 12 есе төмен болды", - деді Бекшин.

Алматының бас санитария дәрігерінің айтуынша, мұндай статистика мектептерде үш деңгейлі қорғаныс пен карантиндік шектеулердің сақталуына қатаң бақылау енгізілгендігімен түсіндіріледі. Сондықтан мектептерде оқитын балалар 12 есе аз ауырды.

Сондай-ақ, Бекшиннің айтуынша, Алматының бірде-бір мектебі және ауысымдардың ешқайсысы 1 қыркүйектен бастап карантинге жабылған жоқ. Бас санитария дәрігер мектептердің 30 пайызында коронавирус анықталған жағдайда ғана мектептер жабылатынын, бірақ мұндай жағдай тіркелмегенін атап өтті. Керісінше, тамыз айынан бастап оқушылар арасында сырқаттану тәулігіне 100 жағдайдан тәулігіне 38-42 жағдайға дейін қысқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети