22 ақпан 2018 12:14

Омбы тұрғындары жаппай Қазақстанға көшіп жатыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстарциялық сурет © Delfi Иллюстарциялық сурет © Delfi

Омбы облысының тұрғындары жаппай Қазақстан мен Украинаға көшіп жатыр, - деп хабарлайды "Омск здесь" басылымы.


Омбы облысының тұрғындары жаппай Қазақстан мен Украинаға көшіп жатыр, - деп хабарлайды "Омск здесь" басылымы.

Омбы облысының мемлекеттік статистикасының федералды қызметінің мамандары жүргізген зерттеу осындай қорытынды көрсеткен. 

"2017 жылғы көші-қон көрсеткіштері бойынша 4721 омбылық Қазақстанға, Арменияға 323 және Украинаға 696 адам көшкен. Сонымен қатар, 320 омбылық Германияға, 21 адам Вьетнамға, 27 адам Грузияға, 20 адам АҚШ-қа және 11 адам Канадаға қоныс аударған", - деп жазады басылым. 

Жалпы бұл аймақтан бір жылда 63 935 адам қоныс аударып, 54 82 адам көшіп келген. Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда көші-қон салдарынан адам санының кемуі 66 пайызға артқан. 

"Омбыны тастап кетіп жатқандардың басым бөлігі - еңбек жасындағы адамдар", - деп жазады басылым.

Статистика комитетінің мәліметінше,  2017 жылы Казақстанға 35 680 азамат қоныс аударған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети