Өндірістік база нақты құнынан 111 есе арзан сатылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жамбыл облысында коммуналдық меншікті нарықтық құнынан 111 есе төмен заңсыз сату дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында коммуналдық меншікті нарықтық құнынан 111 есе төмен заңсыз сату дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Талас ауданының прокуратурасы жылжымайтын коммуналдық мүлікті заңсыз сату дерегін анықтады.

"2008 жылы "Игілік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты. Бұл ретте базаның бағалау құны 30 миллион теңге болған".

2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған.

"Осы факт бойынша 18.10.2023 жылы Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі ("Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану") бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне орай тоқтатылды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22.02.2024 жылғы шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды".

22 мамырда жылы апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer