03 қыркүйек 2021 09:04

Оралда ата-аналар балаларын мектепке жібермей отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Оралдықтар балаларын мектепке жібермей отыр. Олар санаториялық білім ошағына ауысуға наразы. Ата-аналардың айтуынша, онда туберкулезге шалдыққандармен байланыста болған балалар білім алыпты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Оралдықтар балаларын мектепке жібермей отыр. Олар санаториялық білім ошағына ауысуға наразы. Ата-аналардың айтуынша, онда туберкулезге шалдыққандармен байланыста болған балалар білім алыпты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ата-аналар мектеп басшылығының мұндай шешімін құптамай отыр. 

"Менің білуімше, Кох таяқшасы жер бетінде 40 жыл тіршілік етеді. Бұрын осында оқыған балалар жыл сайын ем қабылдады. Ғимараттың еденіне ағаш төселген, линолеумі де ескі. Ойын баласы жүгірмей тұрмайды. Сол кезде шаң көтеріліп, ауру қос өкпеден қыса ма деп қорқамыз", - дейді қала тұрғыны Лариса Низовцева.  

Наразы топ балаларын мектепке жібермеуге осындай қорқыныш себеп болғанын жеткізді. Бүгінде олар жауапты орындардың табалдырығын тоздырып жүр. Ғимаратқа зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді.  

"Баламды бұл мектепке жібермеймін. Әуелі дұрыстап жөндеу жасасын, топырақты да өңдесін. Бұл жерде қандай ауру бұғып жатқанын кім біледі? Бұған дейін бұл арнайы мектепке кіруге болмайды дейтін. Енді келіп осында бала оқытамыз дейді. Бұл қай сасқандары?", - дейді қала тұрғыны Жасұлан Мұқанов. 

Білім бөлімінің өкілдерінің сөзінше, оқушыларды санаториялық мектепке амалсыз көшірілген. Себебі олар осыған дейін оқыған 700 орындық мектепте, қазір бала саны 2300-ге жеткен. Үш ауысыммен бала оқыту қиындық тудырған соң мыңға тарта оқушыны бөліп жіберу тиімді деп шешкен. 

"Біріншіден, ол мектепте туберкулезбен ауырған балалар болған жоқ. Екіншіден, ол мектепте туберкулезбен ауырған бала болып, таяқшалары еденде қалатын болса, облыстық санэпидемиологиялық, облыстық тубдиспансер бізге рұқсат бермес еді. Олар өздері жауапкершілікті алып, бізге рұқсатын беріп отыр", - дейді Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова. 

Білім беру бөлімінің дерегінше, баласын мектепке жібермей отырған ата-ана саны саусақпен санарлық қана. Олармен енді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрмек. Оқу жылы басталып кетсе де, мәселенің қалай шешілері әзірге беймәлім.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети