04 тамыз 2020 15:11

Оралда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты: бір адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ВАЗ автокөлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып қалды. Жол апатынан жеңіл көліктегі жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда ВАЗ автокөлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып қалды. Жол апатынан жеңіл көліктегі жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы жол торабында болған. Апат болған күні облыс орталығында жаңбыр жауып тұрғандықтан жан-жақты көру мүмкін болмаған. Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желіде тараған. Жол апаты болған жерге бірден жедел жәрдем келген. 

"3 тамыз шамамен сағат 20:50-де Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында және Пугачев көшесінде № 2 жолаушылар автобусы ВАЗ 21102 автокөлігімен соқтығысты. Жеңіл клік солға бұрылған кезде бағдаршамға қарамай, автобусқа жол бермей өтіп кеткен. Нәтижесінде жол апатынан үш адам зардап шеккен. Олар облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Жеңіл көліктің бір жолаушысы жан сақтау бөлімінде қайтыс болды", - делінген хабарламада. 

Полиция өкілдері жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын, қажет сараптама тағайындалғанын хабарлады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети