21 қаңтар 2018 13:00

Оралда қазақ тілін үйренген әкім жергілікті тұрғындарды риза қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Қадыров © ratel.kz Әділбек Қадыров © ratel.kz

Оралда әкім қазақ тілін үйренемін деп сөз беріп, уәдесін орындады, - деп жазады "Мой ГОРОД".


Оралда әкім қазақ тілін үйренемін деп сөз беріп, уәдесін орындады, - деп жазады "Мой ГОРОД".

Порталдың хабарлауынша, жергілікті тұрғын Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыровты мемлекеттік тілді үйреніп алғаны үшін мақтаған. Бұл жағдай 19 қаңтарда әкімнің халық алдында есеп беруі кезінде болыпты.

"Әкім Зачаган кентінде 19 қаңтар күні халықпен кездесті. Ол өткен жылғы кездесуде қойылған сұрақтарға орыс тілінде ғана жауап берген болатын", - деп жазды портал.

Зачаган тұрғыны Гүлжан Елубаеваның айтуынша, бір жылда көп нәрсе өзгерген, әсіресе оны әкімнің қазақ тілін үйренгені қатты қуантқан.

"Біз үшін бұл адам көп нәрсе жасады. Жолдарымыз, абаттандыру да жақсара түсті, ең бастысы оның мемлекеттік тілді үйренгені бізді қатты қуантты, бәріміздің есімізде, өткен жылы ол қойылған сұраққа жауап бере алмаған болатын (сұрақ қазақ тілінде қойылған - авт.). Тілді үйренемін деп сөз берді, уәдесінде тұрды", - деді әйел.

Айта кетейік, өткен жылы Қадыров халық алдында есеп беру кезінде қазақ тілінде қойылған жергілікті тұрғынның сұрағына орыс тілінде жауап берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети