17 қараша 2020 12:01

Өскемендік шенеуніктер қала атауының қате жазылғанына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері қала атауы қате жазылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бөлімнің баспасөз хатшысы Владимир Землянскийдің айтуынша, атау кеше кешке дұрысталған.

"Қазір қалаға кіреберісте осындай атауларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Монтаж жұмыстары жүріп жатқан сәтте барлық әріп орнатылмаған болатын және бұл сурет дәл сол кезде түсірілген. Кеше кешке барлық әріп орнында болды", - деді Владимир Землянский.

Еске салайық, мұның алдында Өскемен тұрғындарының қала атауының қате жазылғанына наразы екені хабарланған болатын. Олардың айтуынша, атаудың қате жазылып тұрғанына осымен екі апта болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети