14 қаңтар 2022 10:25

"Өтінім төрт есе көбейді". Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жоғалғандар қалай іздестіріліп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Тengrinews.kz/Әлихан Сариев

LIDER.KZ еріктілер қозғалысының Алматы және облыс бойынша үйлестірушісі Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалғандар қалай іздестіріліп жатқанын және қанша өтініш түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


LIDER.KZ еріктілер қозғалысының Алматы және облыс бойынша үйлестірушісі Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалғандар қалай іздестіріліп жатқанын және қанша өтініш түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LIDER.KZ еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Дельмира Блацтың айтуынша, Алматы мен Алматы облысында тәртіпсіздік кезінде жоғалғандар туралы өтініштер 7-8 қаңтарда түсе бастаған. Өтінімдер еріктілердің Instagram-парақшасына, жеке хабарламалар арқылы да келіп жатыр. Қазір 15-ке жуық ерікті із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр. Бірақ төтенше жағдайға байланысты олар жоғалған адамды соңғы рет көрген жерлерге уақытша бармайды, бірақ мәйітханаларға, ауруханаларға және тергеу изоляторларына қоңырау шалады. Көп жағдайда ақпарат алғашқы қоңыраулардан кейін тез анықталады.

"Көбіне бағдар жасауға үлгермейміз. Ауруханаларда немесе ұсталғандар арасынан табылады. Өкінішке қарай, өлгендер де бар. Өтінімдер саны өсті, әдеттегі күндермен салыстырғанда төрт есе көбейді. Егер бұрын күніне 4-5 өтінім келіп түссе, қазір біз 25-27 өтінімді пысықтап үлгереміз. Еріктілер ауруханаларға барады, егер олар нақты ақпарат бермесе, оны сол жерде тексереміз", - деді Дильмира Блац.

Еріктілер үйлестірушісі жоғалған адамдардың көпшілігі, туыстарының айтуынша, бастапқыда бейбіт митингілерге шығып, оқиғалар ошағына түсіп кеткенін айтады. Табылған адамдардың көпшілігі тергеу изоляторында және қамауға алынды. Дильмира олардың біреуін жіберсе, біреуі шынымен, кінәлі болуы мүмкін екенін айтты.

LIDER.KZ үйлестірушісі алғашқы күндері жоғалған бірнеше адамды белсенді іздеу әлі де жалғасып жатқанын айтты. Дильмира Блац танысы немесе туысы жоғалған адамдарға дереу полицияға арыз жазуға кеңес берді. Өтінімді LIDER.KZ қозғалысына әлеуметтік желілердегі парақшаларға, ресми сайтқа, сондай-ақ көрсетілген нөмірлерге мессенджерлер арқылы жазуға болады.

Полиция департаменті қалада жоғалып кеткен азаматтарға тұрғылықты жері бойынша немесе жоғалған адамды соңғы рет көрген ауданның полиция басқармасына хабарласуға кеңес берді.

"4 қаңтардан бастап 22 адам ресми түрде хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Олар полицияға ресми түрде хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылды. Қалған жеті адамның тұрған жері анықталады. Барлық жағдайлар бойынша іздеу жұмыстары, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін редакция әлеуметтік желілерде жоғалып кеткен адамдар туралы хабарландырулар тізімін дайындаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети