29 қыркүйек 2017 17:12

Парижде Қазақстанға қатысты миллиард доллардың шағымы бойынша шешім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде "Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани" ЖШС мен Қазақстан Республикасы арасындағы іс бойынша шешім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Парижде "Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани" ЖШС мен Қазақстан Республикасы арасындағы іс бойынша шешім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешімді 28 қыркүйекте Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы (ИДРХО) шығарды. Даудың сомасы - 1 миллиард доллардан асады. Төрелік "Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани" талаптарын ішінара қанағаттандырды.

"Әділет министрлігі кеңесшілерімен бірлесіп, жалпы төлем сомасын 39,2 миллион долларға немесе бастапқы талап арызынан 4 пайызға азайтуға қол жеткізді", - деді ведомстводағылар.

Министрліктің мәліметінше, бұл "Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани" ЖШС-ның Қазақстан Республикасынан ақшалай қаржыны өндіріп алуға жасаған екінші әрекеті. Бірінші әрекеті 2008 жылы болған. Онда талап арыз сомасы 2 миллиард долларды құраған. 2012 жылы төрелік сот ҚР пайдасына шешілді. Ал 2013 жылдың 5 маусымында "Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани" ЖШС АҚШ азаматы Девинчи Салах Хураниды талап иесі ретінде қосып ИДРХО-ға тағы да талап арыз берді. Бұл жолы талап арыздың жалпы сомасы 1 миллиард АҚШ долларынан аса соманы құрады.

"Республика талап арыздың көп бөлігі негізсіз екенін дәлелдеген. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің жақын арада төрелік шешімге шағымданбақ екені айтылады. Тәжірибе көрсеткендей, шешімнің күшін жою процесі екі жылға жуық уақытты талап етеді. Қазақстан мүддесін Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP компанияларының заңгерлері қорғағанын айтып өтті", - деп хабарлады Әділет министрлігінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети