23 шілде 2020 15:05

Павлодар облысында өртеніп жатқан үйден газ баллоны шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Павлодар облысы ТЖД Фото: Павлодар облысы ТЖД

Шарбақты ауданында өрт сөндірушілер жанып жатқан жазғы үйдің асханасынан газ баллонын шығарып үлгерді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Шарбақты ауданында өрт сөндірушілер жанып жатқан жазғы үйдің асханасынан газ баллонын шығарып үлгерді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жазғы үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Алайда 79 жастағы үйдің иесі зардап шекпеген.

Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "101" пультіне Шарбақты ауылындағы жазғы үйдің асханасы өртеніп жатқаны туралы хабар сағат 08:45-те түскен.

"Оқиға орнынан Шарбақты ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Олар оқиға шұғыл жетіп, жазғы үйдің асханасы өртеніп жатқанын көрген. Қызыл жалын 18 шаршы метрге шарпыған. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 25 литр газ баллонын сыртқа шығарып, өртті сағат 09.22-де сөндірген. Өрттің шығуына газ плитасын пайдаланған кезде қауіпсіздік ережесін сақтамау себеп болған. Плитаның редукторы дұрыс жұмыс істемеген. Салдарынан жарылыс болған", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 79 жастағы әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети