24 қыркүйек 2020 07:13

Павлодар облысында үй құсы жаппай қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының Железі ауданында үй құсы жаппай қырылып жатқан жаңа жағдай тіркелді. Екі ауыл карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Павлодар облысының Железі ауданында үй құсы жаппай қырылып жатқан жаңа жағдай тіркелді. Екі ауыл карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 23 қыркүйекте Ақтау (8 құс) және Жаңа жұлдыз (11 құс) ауылында құстардың қырылып жатқаны анықталған.

Сондай-ақ соңғы күндері Трофимовка ауылында 158 жаңа жағдай тіркелген.

"Етін жесем жұға ма?" Қазақстандағы құс тұмауы туралы басты сұрақтарға жауап

Жаңа жұлдыз ауылында ветеринарлар патологиялық материалды алып, Нұр-Сұлтанға сараптама жасау үшін жолдады. 

"Осымен Жаңа жұлдыз ауылында екінші рет үй құсы қырылып жатыр. Соңғы уақытта бұл жерде белгісіз аурулардан түрлі малдың 1300-і қырылды", - делінген телеарна сюжетінде.

Павлодар облысында үй құсының жаппай қырылуы 16 қыркүйектен бері жалғасып жатыр. Талдау нәтижелері жоғары патогенді құс тұмауы екенін растады.

Бүгінде әкімдердің Трофимовка және Ақтау ауылында карантин енгізу туралы шешімін заң органдары растады.

Еске салайық, СҚО-ның 7 ауданын құс тұмауы тіркелді. Індет тіркелген аумақтар залалсыздандырылып құстардың өлекселері жойылып жатыр, құс шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети